Елордада Мырзатай Жолдасбековпен кездесу кеші өтті
Шараны белгілі ғалым, руханият жанашыры, академик Сүндет Каримов жүргізді.
«Атанғаным Мырзатай – ел арқасы» бейне фильмінен үзінді көрерменге көрсетілді. Онан соң сөз алған Мырзатай Жолдасбеков кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өлең сөзбен өрілген өмір жолынан естеліктермен бөлісті.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, қоғамдық сана, рухани жаңғыру, салт-дәстүр, ата-баба қасиеттері, этнография, ғылыми мұра, әдебиеттану, ғалым, түркология тағы басқа да ойлар туралы пікірлер болды.
Ғалым өзінің басынан өткен қызықты оқиғаларды еске алды. Жыр алыбы Жамбылдың шығармаларынан үзінділер айтып, әңгімелерін баяндады.
Сонымен қатар Мырзатай Жолдасбековтің сөзіне жазылған «Сағынып сәлем жаздым Мырзатайға» әнін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жазгүл Даулбаева және күйші Ардаби Мәуліт «Қосбасар-толғау» күйін кеш қонақтарына тарту етті.
Кездесу соңында М.Жолдасбеков өз қолтаңбасын қалдырып бірнеше кітабын сыйға берді. Кітапхана директоры Гүлбадан Сақтапқызы кітапхана ұжымы атынан алғыс білдіріп, «Қазақ музыкасының антологиясы» шығармасын сыйлады.
![Елордада электросамокатпен жүруге тыйым салынады](/img/articles/f5fdaa1e409c7e95643537d18ffb3c98.jpeg)
![Туризм саласы жаңа кадрлармен толықты](/img/articles/a19512bbae73c22d399e571c91f4032f.jpeg)
![Астанада №10 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді](/img/articles/6d0cdc76c69d4d5b8ac724590fc7257d.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады](/img/articles/846861b56131727bde85855ec84b8eb7.jpeg)
![Астаналық балалар жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізіп жатыр](/img/articles/d67b73cb1414470c0a7f246ac064ab46.jpeg)
![Елордада екі автобустың қозғалыс бағыты өзгерді](/img/articles/92dc43693054c244df78b808714e5a53.jpg)
![Астаналық полицейлер ата-аналарға ескерту жасады](/img/articles/30baf93548cf8ecee73da7c18db7a581.png)
![Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысы жөндеуге жабылады](/img/articles/64cd6e6c503fd5bfb6471d927b871d77.jpg)
![Елордада Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған журналистер арасында бильярдтан турнир өтті](/img/articles/1f6626e0be101fc639861ce2ae881b3b.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)