00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы Орталық стадион жаңартылады

24.02.2023 | 16:02
Елорда ақпарат
38

Биыл стадионның салынғанына 85 жыл. Спорт кешені 1936 жылы ашылған. Бұған дейін атауы сегіз рет ауысып, 1986 жылы Мұңайтпасов есімі берілген. Стадионға 12 250 көрермен сияды. 

Нұр-Сұлтан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылы маусымда стадион апаттық жағдайда деп танылған. 

"Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион апатты деп танылғандықтан, бүгінде жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Спорт кешені эскиздік жобаны әзірлеу сатысында", - деді әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Әкімдік өкілдері бұл жай жөндеу жұмысы немесе реконструкция емес екенін айтады. Ғимарат пен трибуна толығымен бұзылып, орнына жаңа стадион салынады. 

Барлық жаңалықтар