00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Поиск

Антикор кәсіпкерлерді қорғайтын жобаны іске қосты

31.03.2023 | 22:31
Елорда ақпарат
103

Елімізде «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлердің жерді ресімдеуі, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алуы, коммуникациялар қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (несиелер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысамыз, - деп жазылған Антикор хабарламасында.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар жұмыс істеп жатыр. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook-те хабарлама қабылдайды.

Сондай-ақ Антикордың call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Все новости