00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Азық-түлік бағасы жалақыдан да жылдам өсіп жатыр

31.03.2023 | 20:27
Елорда ақпарат
43

«Атамекен» ҰКП-ның талдау қызметі халықтың жалпы шығындарындағы азық-түлік өнімдеріне жұмсалған шығыстардың үлесі 2015 жылғы 44,7%-дан биыл екінші тоқсанда 51,4%-ға дейін өскенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Баяндамада бұл көрсеткіштің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі азық-түлік бағасының нақты жалақыдан жылдам өсуі екені атап көрсетілген.

Осылайша, 2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасының өсуі 18,7%-ды, ал жалақының өсуі 8,9%-ды құрады.

Қарапайым азаматтың диетасы ет (айына +0,8 кг), сүт өнімдері (+0,8 кг), қант, тәттілер мен жемістер (+0,2 кг) көбейгені айтылады. Сондай-ақ көкөністерді (-0,8 кг), май және тоң майларды (-0,2 кг) тұтынудың төмендеуі байқалады.

Барлық жаңалықтар