00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жыл соңына дейін елордада 57 сақалды құрылыс аяқталады - А.Көлгінов

24.02.2023 | 19:44
Елорда ақпарат
23

“Биыл әріптестерімізбен бірге 5 мың қала тұрғынын қабылдадық. Сұрақтардың бір бөлігін қабылдау барысында шешсек, қалғандарын назарымызға аламыз. Бүгін онлайн-қабылдауда тағы 14 отбасы қабылданды. Проблемаларды шешуге жүйелі негізде қараймыз. Келіп түскен мәселелерді, қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына енгіземіз. Мәселен, негізінен әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар салу, аудандарды абаттандыру, газдандыру, ұзақ құрылыстарды аяқтау және т.б. мәселелер түседі”, – деп жазды әкім постында.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жыл сайын арттыру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

“Мәселен биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп, 200 аула және қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аштық, 9 елдімекенде газ тарату желілері салынып, іске қосылды, құрылысы ұзаққа созылған 57 үй аяқталмақ және т.б”, – деді А.Көлгінов.

Әкім сондай-ақ, Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар көмектесетінін де айтты.

“Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, тек биылдың өзінле аталған орталықтар қала тұрғындары тарапынан түскен 150 мыңға жуық өтінішті өңдеді”, – дейді қала басшысы.

Барлық жаңалықтар