00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл елімізде 302 жаңа мектеп салынады

22.02.2024 | 06:27
64
Фото: Оңалхан Өнерхан

Министрліктің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салынады.

Жаңа мектептерді пайдалануға беру түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 217 мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 25 жоба, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестицияларды тарту арқылы 60 мектеп салынады, - дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Тек соңғы үш жылда 477 мың орындық 791 мектеп пайдалануға берілді. 

Барлық жаңалықтар