00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан мен Оңтүстік Корея білім беру саласында бірлескен жобаларды дамытады

21.02.2024 | 08:19
76
Фото: дереккөз

Жұмыс кездесуінің күн тәртібі – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кореяның университеттері, ғылыми институттары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ Түркістан облысында Woosong University филиалының ашылуы.

Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек ведомствоның ғылым және жоғары білім саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. 

Корея, шын мәнінде, орта державаның тамаша үлгісі. Корей университеттері соңғы онжылдықтарда айтарлықтай жетістіктерге жетті, әсіресе KAIST – Кореяның ғылым мен технологияның озық институтын айтар едім. Біз ынтымақтастық үшін корейлік ЖОО-ның тізімін кеңейткіміз келеді, осы мақсатта fellowship program жобасын іске қостық. Бұдан басқа, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бар, оның аясында біз зерттеушілерімізді әлемнің жетекші оқу орындарына жібереміз. Корей институттарымен, зертханаларымен жұмыс істегенде бізге Сіздің қолдауыңыз қажет болады», - деді С. Нұрбек.

Өз кезегінде Корея Республикасы елшілігінің өкілдері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары білім беруді интернационалдандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ, елші мырза қазақстандық және кореялық университеттер арасындағы байланысты нығайтуға толық дайын екенін білдірді.

Барлық жаңалықтар