00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ғани Бейсембаев білікті кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінетінін айтты

22.02.2024 | 11:16
57
Фото: дереккөз

Еліміздің бас ұстазы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен, сондай-ақ оқу ордасының ұжымымен кездесу өткізді. 

Мектеп базасында iOS-бағдарламалауды оқытатын заманауи зертхана жұмыс істейді. Ол жерде оқитын WRO-2023 және FLL-2023 робототехника олимпиадасының жүлдегерлері министрге өз жобаларын ұсынды.

Педагогтермен кездесу барысында Ғани Бейсембаев еліміздегі білім беруді дамыту перспективаларына, сондай-ақ ведомство тарапынан қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Министрдің айтуынша, білім беру сапасын арттыруда білікті кадрлар мен менеджерлерді даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Жарты ғасырлық тарихы бар Республикалық физика-математика мектебі еліміздегі осы бағыттағы білім ошақтарының ішіндегі мықтылардың бірі. Мектеп түлектерінің қатарында: үздік педагогтер, ғалымдар, инженерлер, IT-мамандар бар. Бұл тәжірибені одан әрі дамыту қажет. Біз білім берудегі инновациялық трендтерді қалыптастыруға ықпал ететін жаңа жобаларды қарастырып жатырмыз, - деп атап өтті министр. 

Айта кетейік, РФММ елордалық филиалында бүгінде 1 500-ге жуық оқушы білім алуда. Осы жылдар ішінде оқушылар беделді халықаралық олимпиадаларда 17 алтын, 11 күміс, 23 қола медаль жеңіп алды. Түлектердің 75%-ы IT және инженерлік мамандықтарды таңдайды және елдіміз бен әлемдегі жетекші университеттерде оқиды.

Барлық жаңалықтар