00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қандай мамандықтар енді колледжде сырттай оқытылмайды

25.02.2023 | 05:19
Елорда ақпарат
43

Министрлік мұндай қысқартуды сырттай оқытудың студенттерге сапалы дағдыларды бермейтіндігімен түсіндіріп отыр. Бұл жолы сырттай оқу «Құқық», «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару» және басқа да кадрларды даярлау бейіндері бойынша алынып тасталды.

Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды еңбек нарығы мен жұмыс берушілер белгілейді. Ол үшін біз сырттай оқу түрінен бас тартып жатырмыз. Сондай-ақ мұндай шешімді қабылдауға түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алатын білім мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы себеп болды. Колледждер студенттерге жұмыс орнында білім алуға мүмкіндік беретін ірі кәсіпорындармен және бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейді, – деді БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Барлық жаңалықтар