00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Сервис және туризм колледжінде құзыреттілік орталығы ашылды

25.02.2023 | 00:08
Елорда ақпарат
46

Іс-шара барысында заманауи, инновациялық құралдармен жабдықталған «3D», «Жабдықтар», «Флористика», «Ландшафтық дизайн» зертханаларының, «Компьютерлік технологиялар» сыныбының жұмыс барысы таныстырылды. Мысалы, «Флористика» кабинетінде техник-технолог болуды жоспарлап жүрген студенттер гүл өнімдерімен танысып, оларды күтіп-бағудың негізгі әдіс-тәсілдерін, композиция мен қолданбалы өнердің негіздерін үйренеді.

Шараға профильді министрлік өкілдерінен басқа қала әкімдігінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Білім басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктес кәсіпорындар, БАҚ өкілдері, қала колледждерінің директорлары, колледждің педагогикалық құрамы мен студенттер қатысты.

Бүгінде елордада 34 колледж бар, оның 8-і мемлекеттік болса, 25-і – жекеменшік. Бұл оқу орындарында 28 мың студент білім алады. Олардың 13 мыңнан астамы грантта оқиды. Бұл – жақсы көрсеткіш, – деп атап өтті елорданың Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Барлық жаңалықтар