00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде 3,5 мыңға жуық талапкер грант иегерлері атанды

24.02.2023 | 21:02
Елорда ақпарат
40

Мемлекеттік білім гранттары осы жылдың жазында конкурсқа қатысқан талапкерлер арасында бөлінген.

Оқуға түскендер "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бағыттары бойынша білім алатын болады.

Ранжирлеу жазғы ҰБТ-да жинаған балдарға сәйкес жүргізілді, яғни гранттар ҰБТ сертификаттарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Процедура толығымен автоматтандырылғанын атап өткен жөн. Енді екінші семестрден бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарында тегін оқи алады. Бұл ретте оларға ешқандай құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ, өйткені олар барлық қажетті құжаттарды жазда тапсырған, – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Грант иегерлері грант туралы куәлікті Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан ЖСН және АКТ енгізу арқылы жүктей алады.

Барлық жаңалықтар