00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

569 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

24.02.2023 | 20:50
Елорда ақпарат
38

«Ғалымдар» санаты биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет бекітілді. Бұл шешім қазақстандық ғалымдарға жетекші университеттерде, ғылыми және салалық орталықтарда білім алуға, сол арқылы елдің ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері академиялық оқудан және әлемнің 27 елінің жетекші университеттері мен ғылыми және салалық орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 220 адам – АҚШ, 136 – Ұлыбритания, 57 – Ресей Федерациясы, 13 – Аустралия, 14 – Германия, 3 – Жапония т. б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл тағылымдамалар мен оқыту бағдарламалары шеңберінде «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары», «Педагогикалық платформаларды әзірлеу», «STEM пәндерін оқыту әдістемесі», «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық», «Педагогикалық инновациялар», «Биология, молекулалық биология, биохимия», «Вирусология. Жұқпалы аурулар. Эпидемиология», «Цифрлық экономика. Сандық маркетинг» сынды бағыттар сұранысқа ие болды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі ҚР БҒМ Telegram парақшасында және Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Айта кетейік, бұдан бұрын конкурстық іріктеудің екі легінің қорытындысы бойынша комиссия шешімімен тағы 309 стипендия, оның ішінде «Ғалымдар» санаты бойынша 51 стипендия тағайындалған болатын. Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары шеңберінде 5 санат бойынша бөлінген. Тағы 500 стипендия «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша бөлінді.

Барлық жаңалықтар