00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?

07.02.2024 | 07:54
53
фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары Pfizer вакцинасының жиынтық есебінің бір бөлігін қасақана немесе білмей бұрмалайды. Оны Британ медициналық реттеу агенттігі 2020 жылдың соңында жариялаған. Ол кезде клиникалық зерттеулер жеткілікті дәрежеде жүргізілмеген еді, сондықтан жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе алу ұсынылмаған. Ал 2021 жылдың сәуірінен бастап Ұлыбритания үкіметі COVID-ке қарсы вакцина салуға рұқсат берді. Сол жылдың желтоқсанынан бастап жүкті әйелдерді егуге басымдық берілді.

Қазіргі уақытта COVID-19 қарсы вакцина, керісінше, өлі бала туу және мерзімінен бұрын босану қаупін төмендететіні анықталды. Ал ковид жұқтырған және вакцина салдырмаған жүкті әйелдер стационарлық емдеуді қажет етеді.

Екпенің жүкті әйелдерде жүрек ауруы мен тромбоз тудыратынына нақты ғылыми дәлелдер жоқ.

Жүктілік кезінде вакцина салдырған 316 470 әйел қатысқан сегіз елдегі 27 зерттеуде түсік, өлі туу, мерзімінен бұрын босану, төмен салмақ немесе қалыптан тыс нәрестелер қаупінің жоғарылауы байқалмады.

Ұлыбританияның вакцинация және иммундау жөніндегі бірлескен комитеті V-Safe америкалық зерттеуінің деректерін де пайдаланғанын мәлімдеді. Оған жүктілік кезінде вакцинацияланған 20 мыңнан астам әйел қатысты. Нәтижесінде вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты ешқандай проблемалар анықталған жоқ. Демек, хабарламада айтылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Барлық жаңалықтар