00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Іздеу

Жеңіс Ысқақова қылмыс әлемінің серкелерімен достығы туралы айтты

18.06.2024 | 11:07
Торғын Аман
72
Жеңіс Ысқақова қылмыс әлемінің серкелерімен достығы туралы айтты
фото: дереккөзден

Әнші Жеңіс Ысқақова «Adal adam» подкастында қылмыс әлемінің серкелерімен дос болған кезін еске алды, деп хабарлады Elorda.info.

Эстрада жұлдызының айтуынша ол қуанышын бөлісіп, ән салып беруін өтінетін адамдардың кім екеніне, олардың лауазымына қарамаған.

«2000 жылдары рэкеттердің дүрілдеп тұрған уақыты еді. Мен мұқтаждықтан дос болған жоқпын. Ол кезде менің «Аяла сен мені», «Сыр сұлуы» әндерімнің дүрілдеп тұрған кезі. Кім маған билет алып беріп, ақша төлейді, соның қуанышына ортақтасамын, шақырған жеріне барамын. Солардың арқасында жағдайымды жасап алдым. Тіпті, бандит па, мұғалім бе, бухгалтер ма, милиция ма, бизнесмен бе білмейсің. 10 жылдық, 20 жылдық кездесулерге, шешесінің мерейтойына шақырады, келіншегінің туған күніне барамын. Әнімді айтып, ақымды алып қайтамын. Кейін барып қылмыс әлемінің серкелері екенін білдім», - деді Жеңіс Ысқақова.

Барлық жаңалықтар