00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

26.06.2024 | 12:08
Торғын Аман
167
 Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
фото: дереккөзден

Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды.

«Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды. Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдауда», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар