00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жамбыл облысында  40 келі есірткі дайындаған шопан ұсталды  

05.04.2024 | 13:48
45
Жамбыл облысында  40 келі есірткі дайындаған шопан ұсталды  
Фото: дереккөз

Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info  

Polisia.kz сайтының жазуынша, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікке ілінген азамат Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Меркі ауданында малшы болып жұмыс жасаған.

Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған. Іздеу барысында күдіктінің күртешесінің қалтасынан марихуана орамасы табылды. Тәркіленген заттың көп бөлігі жақын маңдағы мал фермасында сақталған. Әрі қарай, шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 3 полиэтилен пакет жасырылған орын табылды. Онда жабайы қарасораның сабақтары болған. Сонымен қатар есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке табылды. Күдікті марихуананы қыста өзі тұтыну үшін дайындағанын мойындады, – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Ұсталған адам ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды.

Барлық жаңалықтар