00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестігінің төрағасы 70 жасқа толды

19.04.2024 | 16:50
48
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестігінің төрағасы  70 жасқа толды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Бүгін Астана қаласының мәслихатында «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған салатанатты жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қоғамдық бірлестік төрағасы, академик, медицина ғылымдарының кандидаты, бірнеше мемлекеттік наградалардың иесі Еркін Томпиевтің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиынға ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының төрағасы Ерлан Каналимов, мәслихат депутаттары мен Астана қаласының Ардагерлер кеңесі және басқа да қоғамдық бірлестік өкілдері мен ұжымдас әріптестері шақырылды.

Мерейтой иесіне жиналғандар жылы лебіздерін білдірді.

Игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген, қызмет жолын өмірлік ұстанымына айналдырған Еркін Қалиұлының өмірлік жолы көпке үлгі. Әлі күнге дейін қала өміріне белсене араласып,  тәжірибесімен бөлісіп жүр, - деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Ол мерейтой иесін осы атаулы күнмен құттықтап, елордалық халық қалаулылары атынан алғысын білдірді.

Астана қаласының әкімінің орынбасары Евгений Глотов Еркін Томпиевті қала әкімі атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Сауда саласында халықты алдау не алаяқтық сынды әлі де шешілмеген мәселелер бар. Оған қатысты тұтынушылардан келген мыңдаған өтініштер мен шағымдарды Астана қаласы «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, қоғамның құқықтық сауатының артуына ауқымды үлес қосты. Жетістіктері мен адалдығы үшін лайықты мемлекеттік наградалармен марапатталған.  Оның беделі мыңдаған тұтынушылардың құрметіне және сеніміне ие болды. Бірлестік бастауымен отыз жылда 100 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетіліп, жалпы сомасы 1 млрд теңге көлеміндегі қаржы астаналық тұтынушыларға қайтарылды.

 Бай тәжірибемен сіз азаматтардың әрбір өтінішіне назар аудара отырып, қоғамға зор көмек көрсетіп келесіз. Жалпы 48 жылдық еңбек жолында  сіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына 30 жыл арнадыныз.Қызмет барысында Денсаулық сақтау министрлігіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жобаларды енгізіп, ұсыныстар енгіздіңіз, ол үшін жоғары кәсібилігі үшін орденмен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталдыңыз. Сондай-ақ, қазір ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесісіз.Сіздің әділеттілік пен тұтынушыларға деген қамқорлыққа толы жұмысыңыз бәрімізді үлкен жетістіктерге жетуге шабыттандырады. Бүгін біз сіздің іс-әрекеттеріңізді жүзеге асырған кәсібилігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің көшбасшылығыңыз көпшілікке үлгі, адамдарға деген шынайы мейірімділік пен қамқорлық сіз көмектескен мыңдаған тұтынушылардың жүрегінде қалды, - деді Сауда және интеграция министрлігі  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы А.Тынысбеков.

Сондай-ақ төраға Сауда және интеграция министрінің құттықтауын жеткізді және Томпиев Еркін Қалиұлын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы мен сауда саласындағы көрсеткен кәсібилігі үшін «Еңбек сіңірген сауда қызметкері»  төс белгісімен марапаттады.

Барлық жаңалықтар