00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады

08.01.2024 | 09:00
64
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге жарты жылға тыйым салынады, деп хабарлады Elorda.info. Мұндай бұйрықты өнеркәсіп және құрылыс министрі шығарды. Құжат эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды.

 Руль оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін, - делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, тыйым Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір баптарына сәйкес енгізіліп отыр екен. 

2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Рульдік басқарудың оң жақ орналасуы бар жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Барлық жаңалықтар