00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн-сабақтар өткізіп жатыр

21.11.2023 | 10:30
48
Фото: дереккөзден

20 қарашада ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің білім беру орталықтарымен бірлесіп ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтарды бастады, деп хабарлады Elorda info.

Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез-келген уақытта көре алуы үшін сақталады.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, төртінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 600-ге жуық сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінің мектеп түлектері қатысып, ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 20-дан астам орталық сабақ беретін болады. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Осылайша, Ұлттық тестілеу орталығы мен ірі білім беру орталықтары түлектерге емтиханға сәтті дайындалуға көмектеседі. Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қосты. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

Барлық жаңалықтар