00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Шымкентте лауазымды тұлғаға пара ұсынған спирт зауытының директоры қамауға алынды

17.06.2024 | 13:35
Торғын Аман
70
Шымкентте лауазымды тұлғаға 20 млн доллар пара ұсынған спирт зауытының директоры қамауға алынды
фото: дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте спирт зауытының қызметіне тексеру жүргізді. Оның барысында 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелту фактілері болған.

«Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 млн теңге сомасында пара ұсынған», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.  ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Барлық жаңалықтар