00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек қалай көрсетіледі

23.04.2024 | 17:14
69
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек қалай көрсетіледі
Фото: primeminister.kz

Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бүлінген үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.  

Бұл тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары. 

Келтірілген залалды өтеу жергілікті әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізілетін болады. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі. 

Тұрғындар көмекті мүліктің зақымдану сипатына қарай, біреу 150 АЕК, біреу 50 немесе 80 АЕК және т.б. ала алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыларға төленетін 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын, - деп атап өтті ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Барлық жаңалықтар