00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Су тасқынына жауапты облыс әкімдері отставкаға кетуі қажет – Ерлан Саиров

01.04.2024 | 15:37
Сабина Кәкімжан
58
Фото: Parlam.kz

Бірнеше өңірде орын алған су тасқынына қатысты қоғам тарапынан жағдайға «Кім кінәлі?», деген сауал туындап отыр. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандағы топаң су мәселесі күнннен күнге өршіп бара жатыр. Бұл мәселеге тікелей жауаптылар – су ресурстары және ирригация министрлігі және өңірлік әкімдіктер. Өйткені  өңірлердегі  су мәселесін бақылауында ұстау облыс әкімдіктерінің тікелей құзыретінде болып тұр. Менің ойымша, бұл мәселеде өте қатал болу керек, - деді халық қалаулысы.

Депутаттың пікірінше, бұл жағдайды ушықтырғандар қызметінен кетуі керек.

Байқасаңыздар, елде осындай жағдай болғанда халықтан әкімдер емес, мемлекет басшысы кешірім сұрайды. Олай болмайды. Бүгінгі таңда жағдайды ушықтырып жіберген облыс әкімдері отставкаға кетуі қажет. Президент су тасқынына қарсы уақтылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке және облыс әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Менің ойымша, бұл азаматтар жауапқа тартылуы тиіс, - деді депутат. 

Үкімет тарапынан  қардан тазалау және тасқынға қарсы шараларға 7 млрд теңге бөлінгені айтылды. Депутаттың ойынша осыншама қыруар қаржының есебін қатысты бас прокуратура жауап беруі тиіс дейген пікір айтты

 Мемлекеттен бөлінген 7 млрд теңге қайда кетті? Бұл қаражат пайдаланылды ма? Егер пайдаланылса, не нәрсеге жұмсалды? Міне, осы мәселеге бас прокупратура жауап беруі  керек деп ойлаймын. Сондай-ақ төтенше жағдай аяқталғаннан кейін нақты қорытынды жасалуы қажет. Кейін осыған тікелей қатысы министрлер мен әкімдер құқықтық жауапкершілікке тартылуы қажет. Елдегі барлық салаға Президент әрдайым жауап бере алмайды. Мемлекет басшысының ішкі саясаттан бөлек сыртқы саясатта атқаратын жұмыстары көп. Ал елдегі экономикалық ахуалға үкімет жауап береді. Сондықтан үкімет мүшелері мен өңірлердегі әкімдер тікелей өзінің басымен жауап беруі керек, - деп сөзін түйіндеді Ерлан Саиров.

Айта кетейік, жақында Президент су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарынан кешірім сұрап, оларға көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады

Барлық жаңалықтар