00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов

04.07.2024 | 21:39
Сабина Кәкімжан
137
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Фото: akorda.kz

Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны және Қазақстан астанасында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағы ескерткішінің ашылуына жеке қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.



Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне құрметті қонақ ретінде шақырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осы халықаралық құрылымда бейтарап Түрікменстанның пікірін айту мүмкіндігіне ие болдық. Өзіңіз атап өткендей, энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде мол әлеуетіміз бар, - деді Халк Маслахатының Төрағасы.



Сондай-ақ кездесуде өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары қарастырылды.

 

Барлық жаңалықтар