00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алды

17.01.2024 | 14:00
51
Фото: gov.kz

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігінің 80 жылдығына орай қазақстандық дипломаттардың қатысуымен еске алу шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында ҚР - ның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақтың қаһарман қызын еске алушылар өзі  білім алған, қазіргі уақытта Ә. Молдағұлова атындағы мемориалдық мұражайы бар №140 мектепте болды. Ол жерде Бас консулдық өкілдерінің, әскери академия студенттерінің, сонымен қатар мектеп оқушыларының қатысуымен қазақ халқының даңқты қызының ерліктеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Барлық жаңалықтар