00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Республикалық маңызы бар 4 автожолда қозғалыс шектелді

03.04.2024 | 09:15
Елорда ақпарат
51
автожолдар
фото: дереккөзден

Су тасқынына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелді, деп хабарлады Elorda.info.

3 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола және Қостанай облысында 2 учаскеде жалпы ұзындығы 109 метр болатын су тасқыны орын алды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, қазір республикалық жолдарда 283 бірлік техника мен 319 адам қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. 

Барлық жаңалықтар