00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент алғашқы болып QAZAQ TILI қорына 7 млн теңге аударды

07.12.2023 | 05:09
71
Фото: akorda.kz

Бұл туралы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info

Тіл жанашырларынан, қазақ қауымынан сүйінші сұрар ретім бар. 12 қазан күні Президенттің қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсындым. Мемлекет басшысы ұсынысты қолдаған еді. QAZAQ TILI Endowment қорын құру, тіркеу, рәсімдеу шаралары жақында аяқталып, бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы сол қорға бірінші болып 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударды, - деді ол.

Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Президент көрсеткен үлгіні ел азаматтары, тіл жанашырлары, кәсіпкерлер кеңінен қолдайды деп сенеміз, - деді Рауан Кенжеханұлы.

Барлық жаңалықтар