00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Паралимпиадалық орталықта ашық есік күні өтті

04.11.2023 | 10:30
79

Астана қаласындағы заманауи Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda info.

2018 жылы ашылған заманауи Паралимпиада орталығы әзірше Астана қаласында ғана бар. Бұл орталықтың ерекшелігі — тек кәсіби спортшылар ғана емес, қаланың кез-келген тұрғыны таңғы 8:00-ден түнгі 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында тегін түрде айналыса алады. 

WhatsApp Image 2023-11-04 at 16.14.33 (1).jpeg

5 жылдық ғұмыры бар орталыққа ай сайын 800-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам келеді. Осы спорт кешенінің арқасында Астана қаласының спортшылары Ханчжоуда өткен Пара Азия ойындарында 2 алтын, 1 күміс, 2 қоламен жалпы есепте 1-орынға тұрақтады. Оның үстіне пара дзюдодан бұған дейін Азия Пара ойындарында мүлдем чемпион шықпағанын да ескерген жөн. Одан бөлек, бочча, пара үстел теннисінен де жерлестеріміз бірінші рет жүлдеге таласты. Алайда бұлардан басқа тұрғындардың қызығушылығына байланысты йога, цигун, бадминтон, текбол, шоудаун     , шахмат, дойбы, бестемше, стэп- аэробикамен айналыса алады.2022 жылғы көрсеткіш бойынша Астана қаласында 32 182 дене мүмкіндігі шектеулі адам бар. Бұл 10 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда  1,5-2 есе (2013 жыл — 18 666 адам) көп. Сондықтан елорданың тұрғындарын Паралимпиада орталығында спортпен айналысуға шақырамыз,-деді Паралимпиада орталығының қызметкері.

WhatsApp Image 2023-11-04 at 16.14.33.jpeg

Паралимпиада жаттықтыру орталығына 7 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар