00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Қой баққан қасқыр»

04.05.2023 | 17:51
49
Фото: qazaly.kz

Әлеуметтік желіде 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарық көрген «Қой баққан қасқыр» атты шағын мақала жарияланып, көпшілікті елең еткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Мақалада шопанның бөлтірік асырап, иттерімен бірге өріске ертіп шығатыны, ал ол қойды қасқырдан қорғайтыны баяндалған. 

каскыр.jpg

Аманкелді атындағы колхоздың шопаны Болысбаев өткен жылы қасқырдың бір бөлтірігін ұстап алып еді. Үйіне алып келіп, оны иттерімен бірге асырады. Көп кешікпей-ақ қолға үйренген бөлтірікті Болысбаев шынжырдан босатты. Сөйтіп, оны өріске ертіп шығатын болды. 

Кәзір Болысбаев өріске шығарда өзінің басқа иттерімен бірге осы қасқырды да ертіп жүреді. Ол қойдың бір шетінде жатып, отарға басқа жыртқыш аңдардың келіп тиюіне мүмкіндік бермейді. Шопанға түнгі күзетте қасқыр үлкен қызмет көрсетуде. 

Жуырда кешке таман қойға қасқыр шапты. Қой шетінде жатқан асыранды қасқыр жабайы қасқырды талап өлтірді. 

Ақуат ауданы,

Семей облысы. 

«Лениншіл жас» газетінен, - делінген мақалада. 

Барлық жаңалықтар