00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жаңбыр, қар, көктайғақ: синоптиктер 20-22 сәуірге болжам жасады

19.04.2023 | 23:00
34
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 21-22 сәуірде солтүстікте және шығыста, 22 сәуірде республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміз бойынша найзағай ойнайды, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады.

Скандинавия аймақтарынан келетін солтүстік-батыс антициклоны ықпалынан республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

Республикада тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады.

Барлық жаңалықтар