00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Өмірқұл Айниязов: «Азия дауысы» байқауына қатысу үшін қомақты қаржы сұрағанын айтты

05.04.2024 | 16:02
44
Өмірқұл Айниязов: «Азия дауысы»  байқауына қатысу үшін қомақты қаржы сұрағанын айтты
Фото: Әншінің әлеуметтік желдегі парашасынан

Ол аталған байқауға әндері өткенімен өзі қатыса алмай қалған себебін айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Әншінің айтуынша байқаудың ұйымдастырушылары одан 10 мың доллар көлемінде ақша сұраған. Оқиғаның қалай болғаны өнер иесі «Саумал» бағдарламасында берген сұхбатында айтты.

Мен Талдықорғанға көшіп барған жылдары мәдениет басқармасының басшысы дауысымды естіп, маған байқауға қатысуға ұсыныс тастады. «Жас Қанат» емес, «Азия дауысына» бірден барамыз деп шештік. Солай дайындықты бастап кеткенбіз. Өкінішке орай, байқауға әндеріміз өткенімен, олар бірінші жарна сұрады. Ол кезде «Азия дауысы» шарықтап, ақшаға құнығып тұрған уақыты еді. Сол кездегі басшылары екеуі де өмірден өтті. Сол уақытта менен қатысу үшін 10 мың доллар сұраған. «Сол ақшаны төлемесең қатыспайсың»  деді. Біз ондай ақшаны таба алмадық. Сол себепті қатыспадық, - деді өнер иесі. 

Барлық жаңалықтар