00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Мемлекеттік медиадағы қазақ тілінің үлесі 83 пайызға жетті – министр

28.04.2023 | 18:30
65
Фото: дереккөз

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Qazaq Forum» интернет форумында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы үлесі арта түсті. Мысалы, өткен жылы мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 83 пайызды құрады. Атап айтқанда, телеарналардағы қазақ тілінің үлесі 77 пайызға жетсе, баспа БАҚ-тағы - 85 пайыз, интернет-ресурстарда - 87 пайызға жетті, - деді Д.Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медиа нарықта қазақтілді БАҚ-қа жарнама берушілер қатары да артып келеді. Қазақстандық ресурстарда PR мақалаларды орналастырудың өсімі байқалады. Осы ретте, интернет-жарнаманы реттеу, әлеуметтік желілердегі интерфейс пен жарнамалық алгоритмдерді, монетизациялау жүйесін қазақ тілінде жасау өте маңызды.

Аталған мәселе министрлік әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» заң жобасында қарастырылуда. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр, - деді министр.

Барлық жаңалықтар