00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мәжілісте маска тағу міндеттелді

08.02.2024 | 08:57
48
Фото: дереккөзден

ӨДП МК бас санитарлық дәрігері Темірғалиева А.Қ 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілген. 

«Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Барлық жаңалықтар