00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

26.12.2023 | 16:00
41
фото: дереккөзден

Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалана отырып жасалатын алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Алаяқтар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, мессенджерлерде арнайы құрылған профильдерге сілтеме жасай отырып, әлеуметтік желілерде жарнаманы белсенді қолданады. Онда азаматтарды ақша салуға шақырып, инвестициядан қомақты пайда табуға уәде береді.

Алаяқтар жалған лицензиялар мен басқа да құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі атынан берілгенді көрсететін жалған құжаттарды жариялайды. Олар азаматтарды биржалық алым үшін біржолғы төлем жасауға үгіттейді. Бұл ретте азаматтарды инвестициялық табыс алуға қазақстандық криптовалюта биржасы немесе өзге де қаржы институттары кепілдік береді деп сендіреді. Алайда, түскеннен кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады, - деді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі. 

Ұлттық Банк инвестициялар көмегімен жылдам табыс табу туралы ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

Барлық жаңалықтар