00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

12.01.2024 | 09:00
42
Фото: ашық дереккөз

Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар жобаларын 3 сала бойынша ұсына алады:

- Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

- Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

- Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 20 қысқа мерзімді грант, 2 орта мерзімді грант және 1 ұзақ мерзімді грант беру көзделген.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер операторға 11 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша), ұзақ мерзімді гранттарға – 11 қаңтар мен 14 ақпан аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) енгізіледі.

Конкурстық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5-қабат, 504/1 кабинет.

Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.

Конкурс туралы толық ақпаратты оператордың cisc.kz сайтынан, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады +7705 247 47 22.

Барлық жаңалықтар