00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Киелі мекен»: даңқты балуандар экологиялық акцияға қатысты

20.04.2024 | 10:13
48
«Киелі мекен»: даңқты балуандар экологиялық акцияға қатысты
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Киелі мекен» ұранымен басталған экологиялық акцияға Астана қаласының еркін күрес шеберлері өз үлестерін қосты. Олар Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне және айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Айтулы шараға еркін күрестен ардагерлер арасында Әлем чемпионы, әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан және грек-рим күресінен U20 арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, республикалық турнирдің жеңімпазы Мақсат Сайлау сынды спортшылар қатысты.

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы елордалық Ризабек Айтмұхан табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды экологиялық акцияны қолдайтының жеткізді.

Сенбілік - бұл таза әлемде өмір сүруге деген ықыласымызды көрсетудің тамаша тәсілі. Сенбіліктерге қатысу - әр адам үшін туған өлкені қалпына келтіру және дамыту ісіне өз үлесін қосуға жақсы мүмкіндік. Осы орайда бүгін өз үлесімді қосып жатырмын.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» көктемгі экологиялық айлығына белсенді қатысуға шақырамын. 13 сәуір күні басталған экологиялық айлық 11 мамырға дейін жалғасады. Қаламыздың әрбір тұрғыны елордамызды шын жүректен сүйетіндері және осы бастаманы қолдайтынына сенімдімін, - деді Ризабек Айтмұхан.

Экологиялық акция аясында мәдени мұра нысандарының қасбеттерін, ескерткіштер мен іргелес аумақтарды ретке келтіру бойынша тазалық жұмыстары жүргізілуде.

«Киелі мекен» апталығы басталғалы 40-тан астам ескерткіш тазартылды. Елордада барлығы 117 ескерткіш болса, оның 46-сы – мемлекет қорғауында.

Барлық жаңалықтар