00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстанда оңтүстіккореялық университеттің филиалы ашылады

04.04.2024 | 09:47
Елорда ақпарат
36
университет
фото: gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Түркістан облысы әкімдігі мен басшылығы арасында Вусон университетінің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын.

Филиал ашу туралы келісімге 2024 жылдың ақпан айының басында Вусон университеті делегациясының Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілді.

Біз келіссөздерден меморандумға қол қоюға тез көштік. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын Корея университеттерімен байланысын нығайтып келеді. Өткен жылы Қызылорда қаласында СеулТех жасанды интеллект және информатика жоғары мектебін аштық. Сондай-ақ Қазақстанда KAIST әлемдік жетекші техникалық университетінің филиалын ашуды жоспарлап отырмыз, - деді ведомство басшысы.

Барлық жаңалықтар