00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды

18.04.2024 | 08:32
42
Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды
Фото: дереккөз

Бадминтоннан Ұлттық құрама спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.

Қазақстандық спортшы бадминтоннан барлық санаттағы олимпия ойындарында сынға түскен тұңғыш қазақстандық болмақ. Ол осыған дейін 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы басты бәсекеге келді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясында 13 спорт түрінен 33 лицензия (31 спортшы) бар.

Барлық жаңалықтар