00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

ҰҚК терроризмді насихаттаған жас жігітті ұстады

28.12.2023 | 05:30
46
Фото: дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Elorda.info ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленді.

Қазір анықталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК мәліметінше, ұсталған азаматқа бұған дейін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда ол бұл әрекетін жалғастырған. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,-деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.

Барлық жаңалықтар