00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Әйгілі CANAAN компаниясы қазақстандық қауымдастықтың мүшесі болды

13.03.2024 | 12:03
41
Фото: дереккөз

Кездесу барысында тараптар компанияның қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының мүшелігіне кіруі туралы шартқа қол қойды.

CANAAN CONVEY вице-президенті Дэвис Хуэй қазақстандық цифрлық майнерлер нарығы CANAAN CONVEY үшін тартымды болып табылатынын ерекше атап өтт. Сонымен қатар ол Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы әбден мүмкін екеніне сенім білдірді.

Кездесуде қазақстандық цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған жабдықтарын сапалы жаңарту, «халвинг» қарсаңында олардың жұмысының тиімділігін жақсарту, бір мезгілде көміртегі ізін азайта отырып, энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚБТҚ басшысы Дәурен Қарашев бүгінгі таңда Қауымдастықтың тікелей қатысуымен заңнамалық негіз құрылғанын, оған сәйкес цифрлық майнерлер енді еліміздің энергия жүйесіне қандай да бір қауіп төндірмейтінін, керісінше, электр энергиясына сұраныс туғызатын, сондай-ақ энергия жүйесін теңгерімдеуге, оның орнықты әрі іркіліссіз жұмыс істеуіне жәрдемдесетін тұрақты және төлем қабілетті тұтынушылар болып табылатынын атап өтті.

Біз үшін келесі басымдықтар жасыл энергетикаға басымдық бере отырып, цифрлық майнерлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, цифрлық майнингке арналған ең жаңа жабдықтарды пайдалану есебінен көміртегі ізін қысқарту болып табылады. Қауымдастығымыздың мүшелері, еліміздің ең ірі цифрлық майнерлері үшін CANAAN CONVEY сияқты әлемдік деңгейдегі компаниямен ынтымақтастық жасау стратегиялық жетістік болып табылады», – деп атап өтті Дәурен Қарашев.

CANAAN CONVEY CO., LTD. 2013 жылы Қытайда құрылған. Ол блокчей серверлерді өндіруде,   ASIC микропроцессорлық шешімдерін әзірлеуде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. 

Барлық жаңалықтар