00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ірі қалаларда мобильді интернет жоқ – Әлихан Смайылов

25.04.2023 | 10:54
16
Фото: Үкімет сайтынан

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Ол елді мекендердегі интернет сапасы мен оның қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Өкінішке қарай, бұл салада жүйелі жұмыстарды көре алмай отырмыз. Жыл басынан бері Үкіметке байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш пен шағым келіп түсті.Олардың басым бөлігі интернеттің жылдамдығы мен сапасына қатысты.Сонымен қатар, елді мекендерде, тіпті ірі қалалардың өзінде мобильді интернет жоқ немесе сапасы нашар, - деді Әлихан Смайылов.

Мұндай шағымдар, әсіресе Алматы мен Астанада көп.

Мобильді интернетке қызмет көрсету байланыс операторларының міндеттемелеріне неге кірмейтіні мүлдем түсініксіз. Интернеттің сапасы мен жылдамдығын өлшейтін құралдар жоқ. Инспекцияның өзі жол бойындағы және елді мекендердегі интернет жылдамдығын өлшей алмайды. Бұл проблемаларды шешу керек. Қазіргі таңда адамдар бірінші кезекте интернеттің сапасына қарайды. Жай ғана желі тартып беретін кезеңнен өттік, - деді Премьер-министр.

Әлихан Смайылов байланыс операторларының бұл салаға тартылған инвестицияларды төмендетіп жібергенін айтты. 

Халыққа сапалы байланыс пен жылдам интернет қажет. Олар тарифтердің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан, сапалы қызметті талап етуі орынды. Соңғы 3 жылда байланыс операторлары бұл салаға тартылған инвестицияларды шамамен 60%-ке дейін төмендетіп жібергенін атап өткім келеді, - деді Ә.Смайылов.

Барлық жаңалықтар