00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Іздеу

ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялады

18.06.2024 | 10:29
Олжас Сүлейменов
72
ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялады
Фото: ашық дереккөз

Полиция күні қарсаңында ІІМ «Серт» үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Байқаудың басты мақсаты – елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін полицейлердің ерлігін насихаттау, халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің күрделі де қауіпті жұмысына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ қазақстандық детектив жанрын дамыту.

Биылғы конкурсқа барлық ниет білдірушілерден бөлек, полиция бөліністері де қатыса алады.

Бұрын жарияланбаған детективтік шығармалар осы жылдың қазан айына дейін қабылданады. Туындылар конкурс туралы ережеде көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Онымен ІІМ ресми порталында танысуға болады.

Байқау қорытындысын белгілі жазушылар мен ақындардан, қоғам қайраткерлерінен, журналистерден және ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы шығарады.

Жеңімпаздардың есімі жыл соңында жарияланады.

Барлық жаңалықтар