00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Газ орнатылған көліктерді техникалық тексеру жеңілдейді

11.09.2023 | 16:00
47
Фото: ашық дереккөз

Газ баллонын қойдырған жүргізушілерге техникалық байқаудан өту кезінде жеңілдік берілді, деп хабарлады Elorda.info. 

Көлік министрлігі аталған жүргізушілерді газ баллон қондырғысын уақытылы сынақтан өткізгенін айғақтайтын куәлікті тапсыру міндетінен босатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы көлік министрі бұйрығының жобасынан белгілі болды.

Уақытша жеңілдікті беруге көліктегі газ баллоны қондырғысын сынақтан өткізуге рұқсаты бар ұйым санының тым аздығы себеп болған. Бүкіл Қазақстанда бар болғаны мұндай 7 мекеме (Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау және Қостанай қалаларында) болса, 15 өңірде мүлде жоқ. 

Сәйкесінше, көлік жүргізушілері бұл талапты орындаудан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады. Дегенмен, техникалық байқау барысында газ баллон қондырғысының жай-күйін тексеру бойынша өзге талаптардың бәрі сақталады. 

Барлық жаңалықтар