00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Есірткі бизнесіне қатысты трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталды

17.06.2024 | 17:49
Торғын Аман
82
Есірткі бизнесіне қатысты трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталды
фото: ҰҚК

Қазақстанда есірткі контрабандасын ұйымдастырмақ болған ел азаматы мен екі шетелдікке қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі күшіне енді, деп хабарлады Elorda.info.

ҰҚК  мәліметіне қарағанда, олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру»), 286-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда») және 297-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу») бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденді.

Тінту барысында олардан 1 кг-нан астам героин, 2 кг апиын, сондай-ақ 4 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Барлық жаңалықтар