00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ерке Есмахан күйеуінің туған күніне ештеңе сыйламау себебін түсіндірді

19.04.2024 | 16:00
37
Ерке Есмахан отбасы
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның туған күнін қалай атап өткенін көрсетті. Жұлдызды жанұя атаулы күнді тек отбасымен ғана тойлаған, деп хабарлады  Elorda.info.

Ерке Есмахан мен Raim туған күн кешін Алматыдағы бағалы мейрамханалардың бірінде өткізген. Ерлі-зайыпты перзенттерімен бірге кешкі ас ішіп қайтқан. Отбасылық отырыстың суреттерін әнші ару Instagram парақшасында жариялады.

Сондай-ақ Ерке Есмахан жұлдызды күйеуіне қандай сыйлық жасағанын да айтты. Өнер иесі бүгінде жұмыс істемейтіндіктен, отағасына бағалы сый бермегенін мойындады. «Өзім сыйлықпын саған. Мен жұмыс істемеймін, ақша таппаймын. Сол үшін өзіне өзі туған күніне сыйлық алды», - деп жазды әнші. Эстрада жұлдызы күйеуінің Prada бутигінен өзіне киім таңдап жатқанын сәтінен видео жариялады. 

Барлық жаңалықтар