00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордадағы теміржол вокзалдары бұрынғы атауларына қайта оралады

07.11.2023 | 16:00
31
фото: ашық дереккөз

Астанада «Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» теміржол вокзалдарының атауы өзгереді, деп хабарлады Elorda.info BES.media Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының атауы Астана болып өзгеруіне байланысты «Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» станцияларының басшыларынан «Нұр-Сұлтан» станциясының атауын Астана, «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» атауын «Нұрлы жол» деп өзгерту туралы ұсыныстар түсті, – делінген Қазақстан темір жолы компаниясының жауабында.

ҚТЖ қазірдің өзінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әрі қарай жұмыс істеу үшін атаулары өзгертілетін теміржол вокзалдарының тізімін жібергенін хабарлаған.

Редакция станциялардың атын өзгертуге кететін шығындар туралы ақпаратты сұрағанымен аталған компания қажетті цифрларды келтірмеген.

Теміржол вокзалдарының атауын өзгертуге материалдық ресурстар «KТЖ-ГП» ЖШС бюджетінде станцияларға, локомотив және вагон деполарына мөртабандарды, пломбаларды, белгілерді сатып алуға қарастырылады, – делінген жауапта.

Еске салайық, 2022 жылдың 17 қыркүйегінде елордаға бұрынғы – Астана атауы қайта берілген. Алайда теміржол вокзалдары әлі атауларын өзгерткен жоқ.

Барлық жаңалықтар