00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

17.04.2024 | 17:15
Сабина Кәкімжан
67
Елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып жатқан «Eurasian Book Fair» Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялықұ компанияларды біріктіреді.

Бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – кітап оқуды көпішілк арасында кеңінен насихаттау, оқырман мәдениет қалыптастыру.

Мұнда қазақ әдебиетінің жауһарлары, әлемдік классик, ғылыми-танымдық еңбектер және балаларға арналған кітаптардың  түр-түрі бар. Жәрмеңкеге 70-тен астам қазақстандық шетелдік баспа қатысып жатыр.

Бүгін – барлық кңтапсүйер адамдар үшін өте қуанышты мереке. Мұнда біз, оқырмандар кез келген баспа үйінің кітаптарымен таныса аламыз. Бастысы  әр баспа сатылымға шығарған кітаптарын баспадан шыққан құны бойынша сатып жатыр. Мен жәрмеңкені аралап шығып, ұнатқан бірнеше кітабымды сатып алдым. Жалпы қалада осындай кітап жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұл – қуантарлық жайт, - деді елордалық

 Көрме-жәрмеңке 21 сәуірге дейін болады.

Барлық жаңалықтар