00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада 5000-нан астам студент экочеллендж ұйымдастырды

19.04.2024 | 18:01
58
Елордада 5000-нан астам студент экочеллендж ұйымдастырды
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 5000-нан астам студенті ауқымды экоакцияны қолдап, қаланы тазалауға шықты,

Қоршаған ортаны тазарту мәселесін шешу бәріміз үшін пайдалы, өйткені таза ауа азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартады. Биыл 130 жылдығы аталатын мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталатын университет студенттері Сейфуллин атындағы көшені абаттандыруға өз үлестерін қосуда, - деді ҚазАТУ ректоры Қанат Тіреуов.

Айта кетейік, іс-шара университет студенттері қатысқан челленджден басталды. Мәселен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері эстафетаны Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жолдады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, аталмыш экочеллендж жалғасады және бұл Астананың 15 жоғары оқу орнының барлық студенттерін қамтиды.

Бүгін біз «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында іс-шара өткіздік және баршаңызды қаламыздың тазалығын сақтауға шақырғымыз келеді. Бүгін біз университет аумағын және оған жақын маңдағы саябақтарды сондай-ақ Бейбітшілік, Әлия Молдағұлова және Жеңіс даңғылдарын тазарттық. Біз өзімізбен бірге күрек және сыпырғыш сияқты қажет нәрсенің бәрін алдық. Бүгінгі акцияны ЖОО-ның көптеген студенттері қолдағанын атап өткім келеді, - деді 3 курс студенті Санжар Базарбеков.

Айта кетейік, қалада ауқымды экоакция жалғасуда. Ол бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Осы апта «Киелі мекен» деген атпен өтуде.

 

Барлық жаңалықтар