00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде 1 400-ге жуық ауыл мобильді интернетпен қамтылмаған – министр

25.04.2023 | 10:30
47
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде халық саны 200 мыңнан асатын 1 432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылдың қорытындысы бойынша қосымша 241 АЕМ интернетке қосылды және 1 059 АЕМ-де сапа жақсартылды.Байланыс сапасын арттыру мақсатында біз жыл сайын «базалық станциялар» санын көбейтудеміз. Бүгінгі күні біз 41 мыңнан астам «базалық станция» орнаттық. Бұл жыл сайын жаңа станциялардың 3 мыңға өсетінін білдіреді.Барлық елді мекендердің 25 пайызы ADSL технологиясымен, яғни мыс сыммен және 33 пайызы ғана оптикамен қосылған, - деді министр.

Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 4 974-і, яғни 77 пайызы мобильді интернетке қосылған. 2 928 елді мекен – 4G-ге қосылған, 2 046 НП – 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. 

Барлық жаңалықтар