00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстанда көші-қон ресурстары порталы іске қосылды

21.12.2023 | 08:00
50
фото: www.gov.kz

Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы іске қосылды, ол келетін шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар, мысалы: «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және т. б.

 

Барлық жаңалықтар