00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан тау шаңғысы үшін қолайлы елдер тізіміне енді

16.01.2024 | 13:00
49
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Condé Nast Traveller Italia Қазақстанды тау шаңғы демалысына арналған таңдаулы дестинациялар қатарына енгізді, деп хабарлады Elorda.info.

Аңызға айналған журналдың итальяндық басылымында Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті жазылып,  қысқы спорт түрлерін ұнататындар міндетті түрде баруы керек әлемдегі таңдаулы 5 курорттың бірі ретінде оқырмандарға ұсынылды.

Бұл тізімге қазақстандық курортпен қатар, Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар.

Редакция «Алматы қаласынан жарты сағаттық жерде орналасқан Шымбұлақ тау шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие» деп санап, апре-скиді жіберіп алмауға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Wanderlust журналының үздік топ-24 рейтингіне енсе, Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.

Барлық жаңалықтар